Спартакиаданың алғашқы жеңімпаздары

8 қаңтар, 2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары, докторанттары және қызметкерлерінің қатысуымен университеттің спорт алаңдарында өтіп жатқан 48-ші дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасының алғашқы жеңімпаздары анықталды.

Жарыстың алғашқы күндері Жас ғалымдар үйінде үстел теннисінен өткен жарыста I-орынды филологии және әлем тілдері факультеті жеңіп алды, II-ға халықаралық қатынастар факультеті, III-орынға университеттің әскери кафедрасы ие болды. Үстел теннисі жарысында жақсы ойын көрсеткен филологии және әлем тілдері факультетінің оқытушысы Шерзод Баратов, философия және саясаттану факультетіндегі жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры Алла Михайловна Ким үздік ойыншы етінде танылды.

Спартакиада шеңберінде өтетін спорт түрлерінен жарыстар қаңтардың 11-іне дейін жалғасады.

www.kaznu.kz