Спорттық сайыстағы жеңіс

14 қаңтар, 2020

ҚазҰУ-да жыл сайын жаңа жылдың алғашқы апталарында «Парасат» кәсіподағы қызметкерлерінің және ҚазҰУ-дың спортклубының ұйымдастыруымен, оқытушы-профессорлар құрамының, қызметкерлердің және докторанттардың денсаулықтарын шынықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Денсаулық» спартакиадасы өтуде.

Университет ішіндегі спорт жарыстары еліміздегі маңдайалды жоғары оқу орнында биыл 48-ші рет өткізіліп отыр. Бағдарламада спорттың жеті түрі бар. Олар: бадминтон, шахмат, үстел теннисі, ерлер мен әйелдер арасындағы волейбол, мини-футбол және тоғызқұмалақ. Спартакиаданың алдында үлкен ұйымдастырушылық жұмыс жүргізілді. Оқу жылының басынан бастап факультеттерде командалар құрылып, арнайы дайындық өтті. Жарысқа факультет және бөлімшелерден іріктелген 20 құрама команда (жалпы саны 764 адам) қатысты.

Спартакиадаға дайындықты әрдайым ҚазҰУ-дың «Парасат» қызметкерлер кәсіподағы қамтамасыз етеді. Кәсіподақ төрағасы Талғат Мекебаев қызметкерлердің денсаулығы мен спорт өзара тығыз байланыстағы ұғым екенін үнемі атап өтеді. Кәсіподақ жұмысының бағасына міндетті түрде бөлімшенің спорттық жетістіктерінің деңгейі де кіреді. Ректор Ғ. М. Мұтановтың басшылығымен университет әкімшілігі және Т. Н. Дүйсембаев басқаратын ҚазҰУ спорт клубы спартакиаданы ұйымдастыруға және өткізуге үлкен көмек көрсетті.

Жалпы командалық есепте спартакиаданың жеңімпазы болып (кафедра бастығы полковник О. В. Ажимов) әскери кафедра атанды. Спартакиадада екінші орынды филология және әлем тілдері факультетінің спорт ұжымы (декан О. Әбдіманұлы) иеленді. Үшінші орында химия және химиялық технология факультеті (декан С. Тасибеков). Факультеттер мен бөлімшелердің құрама командаларын жарысқа дайындау бойынша жақсы ұйымдастырушылық жұмысты кәсіподақ бюросының төрағалары: Э. А. Бейсетбаева (әскери кафедра), Ш. Баратов (филология және әлем тілдері факультеті), Р. Г. Рысқалиева (химия және химиялық технология факультеті), Л. И. Мухамадиева (журналистика факультеті), Ж. М. Мусульманова (кітапхана), Ж. Ж. Құмғанбаев (тарих, археология және этнология факультеті) өткізді.

«Денсаулық-Здоровье» спартакиадасының танымалдығы жыл сайын қатысушы командалардың саны артып келе жатқандығынан айқын көрінеді. Биыл қатысушылар қатарына ректораттың, кітапхананың және баспаның жаңа командалары кірді. Спартакиада профессор-оқытушылар құрамы, докторанттары мен қызметкерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сайыс сергектік пен денсаулықтың жақсы зарядын алуға көмектесті, қатысушылардың эмоционалдық және физикалық тонусын арттырды. Жарыстың жеті түрінен жеңімпаз командалар кәсіподақ атынан грамоталар және сыйлықтармен марапатталды.

www.kaznu.kz