Жаңа тәрбие стратегиялары

15 қаңтар, 2020

ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің куратор-эдвайзерлер мектебі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің қолдауымен ЖОО-да тәрбиелеудің инновациялық әдістерін меңгеру мақсатында университет оқытушылары үшін оныншы қысқы тренингтер өткізді.

Университеттің маңызды қызметі-университеттің тәрбиелік және білім беру дәстүрлерін сақтау және көбейту. Осы стратегиялық мақсат аясында университет оқытушыларына арналған қысқы тренингтер студенттерді тәрбиелеу технологиясын жетілдіруге көмектеседі. Кураторлар ЖОО-да тәрбиелеудің инновациялық әдістерін және жаңа тәрбие құралдарын меңгереді.

Жетекші тренингтер ретінде педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының, философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының жетекші оқытушылары, тренерлер ретінде «Арт-әдістер және студенттер тұлғасын дамытудағы сторнителлинг, эмоцияларды реттеу», «Университеттерде тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы арт-технологиялар», «Конфликтологиялық сауаттылық: тәуекел топтары» сияқты тақырыпта баяндама жасады. Сондай-ақ шара барысында студенттер өміріндегі қайшылықтарды алдын алу, жою, өмірдегі құндылықтарды іздестіруді ынталандыру, тұлғаның шығармашылық дамуына, эмоцияларды басқаруға мәслелеріне ерекше көңіл бөлінді. Тренингтерге университеттің барлық факультеттерінің 300-ден астам оқытушысы қатысты. Тәлімгерліктің өзі заманауи университеттің рухани дәстүрі болып табылады. Академиялық орта осы дәстүрді дамытып, байытады, нақты тәрбие іс-әрекетін жүзеге асырады.

Куратор-эдвайзерлердің пікірі бойынша өткізілетін тренингтер жаңа білім мен технологиялармен таныстырып, адамның шығармашылық және тәрбие жұмысына қатысты алуан түрлі заманауи әдіс тісілдерден хабардар етеді.

www.kaznu.kz