Ақылы негізде оқитын студенттерге жеңілдіктер жасалады
25 қаңтар, 2011
Ақылы негізде ілім алып жүрген 2-4 курс студенттері оқу үлгерімі жоғары болған жағдайдажеңілдікке ие болады. Бқл жөніндеҚазҰУ-дың оқу жұмысы жөніндегі проректоры Мұрат Орынханов мәлім етті. Оның негізгі шарты – оқуда озатты, әрі GРА көрсеткіші 3,67-4,0 баллдан кем болмауы тиіс.
Оқу жылының қорытындысы бойынша GРА 4,0 – 25%, GРА 3,67-4,0 – 15%, жетім балалар мен мүгедек студенттерге GPA 3,0-4,0 – 25% жеңілдіктер жасалады. Оған келесідей құжаттар қажет:
- Сұраныс хат
- Транскрипт
- Эдвайзердің мінездемесі
- Әлеуметтік мекемелерден алынатын тиесілі құжаттар.
Егер студенттің оқу үлгерімі күрт нашарлап, университеттен шығарылып оқуға немқұрайлықпен қарайтын болса, университет ережелеріне қарсы келетін іс-әректтерге барған жағдайда студентжеңілдік алу мүмкіндігінен айырылады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024