Жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында «Нархоз» университеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-әдістемелік бірлестіктерінің бірлескен отырысы өтті. Оның жұмысына Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің өкілдері және жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. Жиында талқыланған басты мәселе РОӘК ОӘБ алқалы органнан жобалық офиске және жоо-ның бәсекеге қабілеттілігіне бағыттау болды.
Отырыста жоғары оқу орындарын дамытуға арналған «Жоғары білім беру жүйесінің және жекелеген университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» маңызды мәселе қаралды. Спикерлер ретінде Ресейдің бірінші Президенті Б.Н.Ельцин атындағы Орал федералдық университетінің ғылымметрия зертханасының меңгерушісі Марк Анатольевич Акоев, «E² Консалтинг и Медиа» компаниясының бас директоры Егор Борисович Яблоков, Elsevier Netherlands аймақтық директоры Әлия Оспановалар пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, сессияға QS Ltd. компаниясының Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірлік директоры Зоя Зайцева онлайн режимінде қашықтықтан қатысты. Сессияда жоо-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықаралық THE WUR и QS WUR рейтингтерге кіру жолдары, жоғары білім беру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар талқыланды.
Спикерлер өз баяндамаларында университеттің формалды және іс жүзіндегі бәсекеге қабылеттілігі, университеттің қазіргі замандағы қызмет түрлері жүйесіндегі ғылыми-зерттеу қызметінің рөлі мен орны, университеттердің ғылыммен, білім берумен және технологиялармен байланысы, технологияларды іс жүзінде қолдануға дайындық деңгейіне баса көңіл бөлді. Қазіргі уақытта бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жоғары оқу орындарында әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар әзірлеп, іске асырады. Жетекші университеттерінің және олардың консорциумдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша көптеген бағдарламаларының мақсаты жоо мен экономиканың нақты секторын біріктіру мақсатында жоо деңгейін жақсарту. Бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын және ұзақ мерзімді экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында білім мен технологияларды экономикаға жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ отырыс барысында университеттердің нысаналы даму моделін қалыптастыру мен университеттер қабылдай алатын бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша нақты қадамдар жасау мәселелері қаралды.
Спикерлерлердің пікірінше, университеттердің нысаналы даму моделі еліміздің ұзақ мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму мүдделерін ескере отырып қалыптасуы тиіс. Бүгінгі күні Қазақстанның университеттері мен экономиканың нақты секторы тиісті деңгейдегі өзара әрекетсіз дамуда.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын және ұзақ мерзімді экономикалық өсуі мүдделерін қамтамасыз етуін ескеретін мақсатты модельге сәйкес университеттердің тұрақты даму мониторингін жасау үшін, талдау орталығы (Think Tank) қажет.