ЖОО БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

23 қаңтар, 2020

Бірлескен жиынға Қазақстанның әр өңірінен келген еліміздің жоо оқу-әдістемелік бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Отырысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу ісі жөніндегі проректоры Асқар Хикметов ашты.  Ол өз сөзінде күн тәртібіндегі басты мәселелерді, соның ішінде РОӘК құрылымындағы өзгерістерді ескере отырып білім беру бағдарламаларын әзірлеу және келісу, бағдарламаларды бағалау бойынша халықаралық сарапшылардың қызметтерін қаржыландыру, мемлекеттік стандарттың және оқу нәтижелерінің сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының біліктілік  арасалмағы мәселелерін атап өтті.

«Жобалық офис форматында РОӘК ОӘБ қызметі туралы» "Нархоз" университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Марина Скиба баяндады. Спикер бірлестіктердің алдында тұрған үлкен міндеттерді орындау үшін күш-жігерді біріктіру керектігін және пікір алмасу, ұсыныстар жасау үшін жоо арнайы беттер сайтын (портал) құру, сүйемелдеуден бастап, оқулықтарға мониторинг жасау мен білім беру бағдарламалары мазмұнын жаңартудың қажеттігін атап айтты. Бұдан әрі пікірталас РОӘК ОӘБ оқу басылымдарының қолжазбаларына гриф тағайындай мәселесін талқылауға ойысты.

Отырыстың екінші бөлігі жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру ел және жеке университеттердің деңгейінде көтеру мәселесіне арналды, бұл бағыттағы әңгімеге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев, Ресейдің бірінші Президенті Б. Н. Ельцин атындағы Урал федералдық университетінің ғылымметрия зертханасының меңгерушісі Марк Акоев білім беру саласының халықаралық сарапшысы, E-kvadrat Consulting & Media GmbH компаниясының директоры Егор Яблоковтар араласты.