Токиоға іс сапар

28 қаңтар, 2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті мен Токио университетінің гуманитарлық ғылымдар факультеті арасындағы ынтымақтастық жалғасуда. Қиыр Шығыс кафедрасының жетекшісі екі жоо өзара тәжірбибе алмасу мақсатында Жапония императорлық университеті – Токио университетінің Корейтану орталығында болды.

ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Токио университетінің гуманитарлық ғылымдар факультетімен бірлескен жұмыс бағыттарын айқындады. Олардың бірі – «Қазақстан және этникалық отан арасындағы қарым-қатынастардағы диаспоралардың медиаторлық функциялары» ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру жобасы бойынша ғылыми зерттеулер. Токио университетіне сапары кезінде Қиыр Шығыс кафедрасының жетекшісі Н.Б. Ем магистратура және докторантурада оқитындарға арналған лекция оқыды.

Өзінің сөзінде лектор көпұлтты қазақстан қоғамында тұрып жатқан корей диаспорасының тарихын баяндады. ТМД елдерінің кроейтанушылары орыс тілінде жазған кеңауқымды тарих базасы, архивтық материалдарға тыңдаушылар тарапынан қызығушылық болды. Әсіресе қазақстандық мемлекеттік құрылым және ондағы Қазақстан халыұ ассамблеясы рөлінің феномені ерекше қызықтырды. Лекциядан кейінгі пікірталас кезінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне әлеуметтік зерттеу командасын жіберу туралы шешім қабылданды.

Токио университетіндегі Алдыңғы қатарлы жаһандық зерттеулер институтының профессоры Тономура Масару, Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары Токио университетінде корейтану бойынша жобаны орындаушылар ретінде сайланды, деп мәлімдеді.