«Абай өлеңдері мен қарасөздерін мәнерлеп оқу» байқауы өтті

6 ақпан, 2020

Абай - қазақ халқының ұлы перзенті, ақын, дарын иесі. Абайдың өнегелі өмірі әрбір қазақ азаматының жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Абайдың әр сөзі түсінген адам үшін өнеге мен өсиетке толы. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп, ақын С. Торайғыров жырлағандай, бүгінгі ұрпақтың бойына оның өрнекті өлеңдерін сіңіру мақсатында 2 қараша күні Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Шығыстану факультеті мен Конфуций институтының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай өлеңдері мен қарасөздерін мәнерлеп оқу» байқауы өтті. Байқауда Алматы қаласындағы қытай тілін оқытатын жоғары оқу орындарының  студенттері бағын сынады.  Оның ішінде әл Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының студенттері де бар. Байқауда студенттер Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқудан жарысты. Сайыс нәтижесінде «Аударма ісі» мамандығының 4 және 3 студенттері Онланова Жанель мен Мақсұт Айдана, «Шығыстану» мамандығының 2 курс студенті  Советова Мөлдір үшінші орынға ие болып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.