ҚазҰУ студенттері – KPMG номинацияларының жеңімпаздары
Осы жылы Салық байқауы үшінші рет өтті. Байқауға 3-4 курс студенттері және салық, экономика, қаржы, құқық салаларында еңбек ететін жас мамандар шақырылды.
KPMG компанияның жетекші мамандарынан тұратын байқаудың әділқазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалады. Байқаудың нәтижесі бойынша финалға салық саласында жақсы білім көрсеткен 20 қатысушы шықты. Әділқазы төрағасы Жанат Бердалина үздік жұмыстарды белгілеп, жеке номинациялардың жеңімпаздарын анықтады. «Most creative approach to problem solution» номинациясынмен экономика және бизнес жоғары мектебінің студентті Нұргүл Тагайбекова, ал «The best team» номинациясымен халықаралық қатынастар факультетінің студенті Кристина Исакова марапатталды. Номинация жеңімпаздары іріктеу кезеңінен өтпестен бірден, ақы төленетін тәжірибеге қабылданды.
Сонымен қатар, KPMG компаниясы үш айға созылатын (15 ақпаннан 15 маусымға дейін) жаңа инновациялық жоба - «K-Foundation» Онлайн Білім Бағдарламасын жүзеге асырады.
«K-Foundation» Бағдарламасы:
- МСФО-ға кіріспе, батыс есебі және қазақстандық салық салу негіздері;
- қаражаттық талдау және бірлескен қаржы;
- қаржы мамандарына арналған ағылшын тілі;
- жеке қасиеттерді даму бағдарламасы (іскер хат, презентация өткізу дағдылары, уақытпен басқару, іскер дресс-код және т.б.)
Бағдарламаға қатысу үшін студенттерге www.KPMG.kz сайтына тіркелу керек және онлайн-тестілеуден өту керек. KPMG үздіктерді іріктеп, қатысуға шақыру жібереді. Соңынан қатысушылар KPMG халықаралық сертификатына ие болады.
Ақпаратты біздің ресми сайтта және сіздердің ақпараттық стендтан байқауыңызға болады.
Мансап секторы