Кәсіподақтың есебі

10 ақпан, 2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Парасат» қызметкерлерінің кәсіподағы жыл сайынғы есеп беру конференциясын өткізді.

Кәсіподақ төрағасы Талғат Мекебаев кәсіподақ алдында тұрған міндеттерді кадрлық құрамның тұрақтылығы, ақпараттық ресурстарды дамыту, университет бөлімшелерінің кәсіподақ ұйымдарының ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағымен өзара іс-қимыл деңгейінің арқасында мүмкін болғанын ерекше атап өтті.

Бүгін кәсіподақтың қатарында 4 396 адам тұр, оның ішінде 183 ардагер. Олар 32 құрылымдық бөлімшеге біріктірілді. Конференцияда үздік профоргтер аталып өтті.

ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы 2019 жылы кәсіподақ қызметін екі бағыт бойынша жүйелендірді: университетте өз мүдделері мен құқықтарын өркениетті қорғау, кәсіби жағынан өсу, сауықтыру және демалыс, кәсіподақ ұсынатын материалдық және әлеуметтік қолдау тетіктерін барынша пайдалану және кәсіподақ мүшелігінің өсуін қамтамасыз ету. Екінші бағыт–басым міндеттерді бөлу негізінде жүйелі жұмысты нақты жоспарлау және белгіленген міндеттерді жүйелі орындау. Мұның барлығы ҚазҰУ басшылығының ректоры Ғ. Қ. Мұтановтың қолдауының арқасында мүмкін болды.

Төраға 2019 жылы 13 сәуірде ҚазҰУ-да жұмыс беруші мен еңбек ұжымы арасында жаңа ұжымдық шартқа қол қойылғанын еске салды. ҚазҰУ-да бұл маңызды үш жақты құжат әр үш жыл сайын жасалады және республиканың еңбек заңнамасын мүлтіксіз сақтау, атқарушы биліктің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара құрмет және олардың мүдделерінің ымыраға барынша қол жеткізу қағидаттарынан тұрады. Ұжымдық шартқа қол қою алдында ол барлық бөлімшелерде егжей-тегжейлі талқыланды.

Әр бөлімшеге жеңілдікпен тамақтануға талондар беріледі. Кәсіподақ комитетінде асхана мен буфеттердің жұмысын тексеру бойынша комиссия құрылды. ҚазҰУ аумағында күзетілетін автотұрақтарды ұйымдастыру, ата-аналары ҚазҰУ-да жұмыс істейтін балаларға оқу үшін жеңілдіктер белгілеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мәдени-көпшілік іс-шаралар арасында әсіресе «Денсаулық» спартакиадасы, «Тазалық апталығы», «Үздік киіз үй», «Мамандығы бойынша үздік-2019» байқаулары өтеді.

Кәсіподақ сондай-ақ кәсіподақ мүшелерінің балаларымен үнемі жұмыс жүргізуді. Балаларды қорғау күні әскери кафедрада, студенттер сарайында, биологиялық мұражай мен ғылыми кітапханада іс-шаралар өтті. 1 қыркүйек күні 211  бірінші сынып оқушыларына портфель, дәптер, қаламдар, қарындаштар, пеналдар, бояулар мен фломастерлер кәсіподақ есебінен салтанатты түрде табысталдыі. Ал  жаңа жыл қарсаңында балалар «супергеройлердің оқиғалары» спектаклін тамашалады.

«Парасат» кәсіподағының кәсіподақ комитеті мүшелерінің әлеуметтік саясатында жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру маңызды орын алады. Ыстықкөлдегі санаторийге орын бөлініп, шипажайларға жолдама беріліп, демалыс күнгі турлар өткізілді.

Конференцияның барлық делегаттары кәсіподақ комитетінің жұмысын жоғары бағалады. Кәсіподақ жұмысына Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Б. Б. Кәрібаев, кітапханашы – менеджер Ж. М. Мусульманова, дене тәрбиесі және спорт кафедрасының жетекші маманы М. Оспанбаева, филология және әлем тілдері факультетінің оқытушысы Е. Б. Аякешов, медицина факультетінің жетекші маманы М. К. Қожабергенова баға берді.

Жиын барысында Қазақстандық салалық кәсіптік одағы ҚБ төрағасы Д. Ж. Жанатаев  «Парасат» кәсіподақ жұмысына жоғары баға беріп қана қоймай, «Алматы кәсіподақтары одағы» аймақтық кәсіподақ бірлестігінен Т. Қ. Мекебаевқа «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қайраткер» медалін табыс етті.

Бірінші проректордың м.а. М. М. Бүркітбаев кәсіподақ жұмысына баға бере отырып, университетте кәсіподақтың арқасында жағымды моральдық-психологиялық климат сақталып, көптеген өзекті мәселелер шешіліп жатқандығын атап өтті. Жоғары білімді дамытудың қазіргі кезеңінде университет аясындағы кәсіподақ жұмысы бірінші дәрежелі мәнге ие. Салауатты моральдық ахуал құру, ЖОО жағдайында еңбек қатынастарының тұрақтылығын нығайту, заңды және құқықтық көмекті жүзеге асыру – ұжымды біріктірудегі негізгі міндеттері.

Қазіргі заманғы ЖОО кәсіподағының ұраны Қазақстан Президенті К. Тоқаев жариялаған естуші мемлекеттің тұжырымдамасына сәйкес қалыптасады: күшті кәсіподақ – естуші кәсіподақ!

 

 

www.kaznu.kz