«Алтын Самғау-2019» ұлттық спорт марапаты

10 ақпан, 2020

2019 жылдың 30 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында «Алтын Самғау-2019» ұлттық спорт сыйлығын табыстау рәсімі өтті. «Жылдың серпінділігі» номинациясы бойынша марапатты дене шынықтыру және спорт кафедрасының 4 курс студенті, еркін күрес спортшысы Ерғали Әлішер алды.

Ерғали Әлішер - кадеттер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2016), жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (2018), жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2018), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2019). Қазақстан Республикасының спорт шебері. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Осы жылы (2019) ол Қазақстан құрамасына Токиода (Жапония) өтетін 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия алып келді.