«Дене тәрбиесі және студенттік спорт студенттердің көзқарасымен» атты V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

10 ақпан, 2020

2019 жылғы 29-30 қараша аралығында Қазан қаласында (Ресей) А.Н.Туполев атындағы КНИТУ-КАИ жоғарғы оқу орнында дәстүрлі «Дене тәрбиесі және студенттік спорт студенттердің көзқарасымен» атты V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция студенттер, магистранттар, аспиранттар, жас ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттік спорт клубтарының, спорт клубтарының төрағалары, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар арасында өтті.


Конференцияларда дене шынықтыру және спорт саласындағы келесі өзекті мәселелер қаралды:

1. Студенттік қоғамдағы дене тәрбиесі және спорт, спортқа деген ынтаны арттыру жолдары.

2. «Дене шынықтыру және спорт» пәніндегі оқу үрдісіндегі инновациялар, жастарды дене тәрбиесі мен спортқа тартудың жаңа формалары мен тәсілдерін іздеу.

3. Оқу орындарындағы студенттік спорт клубтары және студенттік спорт түрлері.

4. Университеттерде ВФСК ГТО енгізуді ұйымдастыру: ерекшеліктері мен мәселелері.


5. Сауықтыру технологиялары, дене тәрбиесі мен спорттың психологиялық, педагогикалық және биомедициналық мәселелері.

6. Студенттік спортты ұйымдастырудың құқықтық мәселелері.

7. Орта кәсіптік білім беру жүйесіндегі студенттік спорт.

Конференцияға дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылары Қасымбекова С.И., Мадиева Г.Б. және Әділжанова М.И. қатысып, баяндамалар жасады.

https://kai.ru/news/new?id=10991575