ҚазҰУ-да Қазақстан-француз ғылым және технология институты ашылады

11 ақпан, 2020

Қазақстан-француз ғылым және технология институтын ашу мүмкіндігі Франциядан келген Жилем Тибо мырза бастаған делегациямен кездесуде талқыланды.

ҚазҰУ-ға сапары барысында шетелдік қонақтар 2010 жылы Президенттер Н. Назарбаев пен Н. Сарказидің бастамасымен құрылған «Геоэнергетика» Франко-Қазақстан орталығының қызметімен танысты. Осы уақыт ішінде қазақстандық жетекші ЖОО-ның көптеген магистранты мен докторанты Франция университеттерінде дайындықтан өтіп, соның ішінде қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша да оқыды. Орталық Қазақстан үшін мамандарды даярлау процесіне жаңа жоғары оқу орындары мен француз компанияларын тарта отырып, өз қызметінің бағыттарын үнемі кеңейтіп отырады.

Франция СІМ инспекциясының өкілдері «Геоэнергетика» орталығының қызметін жоғары бағалап, оны Қазақстан-француз ғылым және технология институтына айналдыру туралы ұсыныс жасады. Осындай бірлескен институтты құру Қазақстанда жұмыс істейтін француз компаниялары тарапынан өзара тиімді жобаларды орындауда инвестиция тартуға мүмкіндік беріп қана қоймай, студенттердің ғылыми және тәжірибелік дайындық деңгейін арттырып, түлектерді жұмысқа орналастыруға ықпал етеді.

www.kaznu.kz