Заманауи түлектер құзыреттілігі

13 ақпан, 2020

Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция аясында менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен «Заманауи жағдайда ЖОО бітірушінің құзыреттілік моделі» атты дөңгелек үстел өтті.  

«Алматы қаласының академиялық құрылымдарымен, Ресей және Беларус елдерінің серіктес жоғары оқу орындарымен, ЖОО түлегінің құзыреттілік моделін әзірлеу кезінде ЖОО-ның жұмыс берушілері және түлектерімен өзара іс-қимыл мәселелерінің өзектілігі ерекше маңызға ие», - дейді жиынның ашылуында сөз алған экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, профессоры Римма Сағиева.

Өзінің онлайн-баяндамасында Беларус елінің экономикалық шолушысы, сарапшы-талдаушы А. Авдонин бұл құзыреттілік тәсіл бизнес, корпорациялар және жоғары оқу орындарының қызметтерін ұсыну арасындағы диссонанстты жоюға бағытталғанын атап өтті.

Шара барысында ҚазҰУ-дың экономикалық бейіндегі түлектің бірегей құзыреттілік моделі тұтынушылар талаптарына сәйкес даярлау бағыттары мен деңгейлері бойынша әзірлеу бағдарламалары ұсынылып, түлектің әзірленген моделі негізінде дайындық деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларын қалай үйлестіру керектігі көрсетілді. Сондай-ақ мамандар экономикалық бейіндегі бітірушінің құзыреттілік моделін әзірлеу, қажетті құзыреттілікті қалыптастыру, түлектерді жұмысқа орналастыру, студенттердің тәжірибеден өту, білім беру бағдарламаларының мақсаты мен құрылымының мазмұны сынды мәселелер бойынша пікір алмасты. 

www.kaznu.kz