ЖОО-ның заманауи түлектер құзыреттілігі
Менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен 50-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция аясында әл-Фараби ат. ҚазҰУ-де «Заманауи жағдайда ЖОО түлегінің құзыреттілік моделі» атты халықаралық дөңгелек үстелі өтті.
Іс-шара ерекше маңызға ие, себебі Алматы қаласының академиялық құрылымдарымен, Ресей мен Беларусь елдерінің серіктес жоғары оқу орындарымен, ЖОО түлегінің құзыреттілік моделін әзірлеу кезінде ЖОО-ның жұмыс берушілері мен түлектерімен өзара іс-қимыл мәселелерін өзектендіреді. Бұл туралы "Экономика және бизнес жоғары мектебінің" деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Р.К. Сагиева, "Менеджмент" кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор А.Н. Тургинбаева жиынның ашылуында өз сөздерінде айтты.
Өзінің онлайн-баяндамасында Беларустың экономикалық шолушысы, сарапшы-талдаушысы А. Авдонин құзыреттілік тәсіл бизнестің, корпорациялардың және ЖОО қызметтерін ұсыну сұраныстары арасындағы диссонансты жоюға бағытталғанын атап өтті.
Ресейдің БелМУ өкілдері – профессор, Әлеуметтік технологиялар және мемлекеттік қызмет кафедрасының меңгерушісі В.А.Сапрыка, доцент Л.Н. Шмигирилова өз баяндамаларында заманауи еңбек нарығында ең сұранысқа ие жобалық және жариялылық басқару құзыреттері екендігіне назар аударды.
Білім беру үрдісінің практикаға бағытталуын арттыру үшін Алматы қаласы әкімшілігінің Стратегия және бюджет басқармасы басшысының орынбасары Ж.К. Жазылтаева ЭжБЖМ экономикалық факультетінің әрбір мамандандырылған кафедрасын Алматы қаласының мемлекеттік құрылымымен байланыстыруды ұсынды.
Дөңгелек үстелдің модераторы "Менеджмент" кафедрасының профессоры Д.А. Құнанбаева болды. Жоғары оқу орнын бітірушінің біліктілігі бойынша спикерлердің нақты ұсыныстары отырыстың қорытынды қарарында көрініс тапты.