«Әл-Фараби – Абай: рухани сабақтастық мәселесі»
Сіздерді ұлы ойшыл, философ Әл-Фарабидің 1150, ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арналған «Әл-Фараби – Абай: рухани сабақтастық мәселесі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстеліне шақырамыз!
Өткізілетін күні: Уақыты: Өткізілетін орны: |
18 ақпан, 2020 жыл сағ. 11.00 Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Әл-Фараби орталығы, 3 қабат, «Абай залы», №308. |
Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары |
Әл-Фараби орталығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі (Семей қаласы) |
Дөңгелек үстелдің негізгі бағыттары
|
Дөңгелек үстел барысында ұлы ойшыл, философ Әл-Фарабидің 1150, ұлы ақын Абайдың 175 жылдығы мерейтойларына орай «100 кітап» жобасы аясында Ұлы тұлғалардың өмірі мен бай мәдени шығармашылығына қатысты ғылым мен білім берудің әдіснамалық және практикалық мәселелерін талқылау жоспарланған.
Дөңгелек үстел жұмысының негізгі бағыттары: 1. Ұлы ойшыл, философ Әл-Фарабидің 1150, ұлы ақын Абайдың 175 жылдығы мерейтойларына орай ұйымдастырылатын шаралар; 2. Әл-Фараби – Абай: рухани сабақтастық мәселесі; 3. Кеңестік кезеңдегі фарабитану, абайтанудың зерттелуі; 4. Тәуелсіздік кезеңде фарабитанудың, абайтанудың дамуы; 5. Орта және жоғары білім беру жүйесінде фарабитану, абайтануды оқытудың өзекті мәселелері. Дөңгелек үстел жұмысына әл-фарабитанушы ғалымдар, абайтанушы ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар шақырылады Дөңгелек үстел барысында келесі көрмелер орын алады:
|
Анықтама телефондары |
+7 707 1184461, 8 (727) 292-57-17 (17-47) e-mail: krikkaznu@gmail.com |