ҚазҰУ әскери кафедрасының оқу озаттары Жайылқанова Аружан мен Тоекин Елшат ҚазҰУ мен Үндістан Республикасының ұлттық кадет корпусы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес Үндістан Республикасы күніне арналған шараға қатысып қайтты.
Шара Дели қаласындағы Үндістан ұлттық кадет корпусының әскери-спорттық лагері базасында өтті. Екі апталық сапар барысында қазақстандық студенттер Үндістан Президентімен, Премьер-Министр, Қорғаныс министрі, ВМФ қолбасшысы, Үндістанның ұлттық кадет корпусының директоры және басқа да лауазымды тұлғалармен кездесті. Сонымен қатар студенттер Үнді елінің тәуелсіздік күніне арналған әскери шеруге қатысып, әскери-спорттық шарада жоғары деңгей көрсетті.
Басқа жаңалықтар
14 қараша, 2024
14 қараша, 2024
14 қараша, 2024