Үндістанда әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар бастау алды

20 ақпан, 2020

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясының Үндістан Республикасына сапары аясында ЭжБЖМ деканы, э.ғ.д., профессор Сағиева Римма Қалымбекқызы Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігінің және Джавахарлал Неру атындағы университетінің қолдауымен Нью-Дели қаласында ҚазҰУ ұйымдастырған Әбу Наср әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстелге қатысты.

 

Сонымен қатар, Үндістанға сапар кезінде жетекші қазақстандық ЖОО-ның делегациясы 2020 жылдың 18-20 ақпанында Амити университетінде (Ноида қ.) өткен INBUSH-2020 (International Conference on Research, Innovation, Knowledge Management and Technology Application for Business Sustainability) халықаралық конференциясының жұмысына қатысты.

 

Осы конференция аясында ЭжБЖМ деканы Р.Қ. Сағиева ғылыми баяндама жасап, «Economics of Commodity and Non-Commodity Countries: Reloading Strategic Guidelines» тақырыбындағы зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

 

Айта кететін жайт, конференцияның ұйымдастырушысы Үндістанның академиялық рейтингісінде жоғары орынға ие, 80 мыңнан астам студенті бар, әлемдегі ең танымал және беделді университеттердің бірі – Амити университеті. Аталған оқу орны студенттер мен оқытушылар арасында академиялық алмасуға бағытталған халықаралық бағдарламаларға белсенді қатысатын білім беру мекемелерінің бірі болып саналады.