- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Әл-Фараби – Абай: рухани сабақтастық мәселесі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел
«Әл-Фараби – Абай: рухани сабақтастық мәселесі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел
Дөңгелек үстел әл-Фараби орталығының директоры, филос. ғ.к, доцент Б.Б. Мейрбаевтың құттықтау сөзімен ашылып, мерейтойына орай ұйымдастырылатын шаралар, «Әл-Фараби мұрасын жаңа форматта дәріптеу» алғы сөзімен басталып, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, филос. ғ.д, профессор А.Д. Құрманалиеваның «Әл-Фараби мұрасының өміршеңдігі» баяндамасымен жалғасты.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ғалым хатшысы Р.А.Елекенова «Абай әлемі» тақырыбына тоқталып, музейдің тыныс-тіршілігі, ғылыми қоры, баспа өнімдерімен таныстырды.
Ұлы тұлғалардың өмірі мен бай мәдени шығармашылығына қатысты ғылым мен білім берудің әдіснамалық және практикалық мәселелері талқыланды.
Кеңестік кезеңдегі фарабитану, абайтанудың зерттелуі; Тәуелсіздік кезеңде фарабитанудың, абайтанудың дамуы; Орта және жоғары білім беру жүйесінде фарабитану, абайтануды оқытудың өзекті мәселелері негізгі бағыттары бойынша «Абай» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, филол. ғ.к, доцент Н.Н. Аитова «Әл-Фараби мен Абай ілімдеріндегі үндесім», М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, филол. ғ. к, доцент Төрәлі Қыдыр «Абай және ислам мәдениеті» мәселелерін ортаға салды. Ph.D доктор, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ассистент-профессоры А.Б. Доскожанова «Деятельность в свете социальной философии Аль-Фараби», филос. ғ.к, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің қауымдастырылған профессоры А.С. Тулеубеков «Совершенство Первоначала в метафизике Аль-Фараби», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің докторанты С.А.Мұқатаева «Абай мәдени мұрасының Кеңестік және посткеңестік кезеңде зерттелуіне салыстырмалы талдау» атты баяндамаларын оқып, пікірлерімен бөлісті.
Мәдени шара барысында Әл-Фараби кітапханасының «Әл-Фараби» экспозициясы, Әл-Фараби кітапханасы көрмесі, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің қорында жинақталған Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеген ғалымдардың зерттеулеріне негіз болған Әрхам Кәкітайұлының, Ниязбек Алдажаровтың, Ахат Шәкәрімұлының естеліктері, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қазақ айнасы», «Еңлік Кебек» шығармаларының Ахат Шәкәрімұлы қазіргі қаріпке аударып жазған қолжазбасы және Абай музейінің баспа өнімдері орын алған «Абай әлемі» көрмесі, кітаптар мен қолжазбалар көрмесі таныстырылып, көрермендер назарына ұсынылды. Мәдени шараның соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Шараға фарабитанушы, абайтанушы ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар және БАҚ-ы қатысты.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
дінтану және мәдениеттану кафедрасы