ӨНЕРКӘСІПТІК СИНТЕТИКАЛЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚУ КУРСЫ

21 ақпан, 2020

Мен 2019 жылдың тамыз айының басында Қытай мемлекеті, Тянь-Зинь қаласы, ТИБ университетіне 21 күндік стажировка туралы ақпаратты mail почтама алдым. Курстың қамтитын уақыты – 14 қазан мен 2 қараша аралығы. Сол сәттен бастап бар документтерімді жинап, қажетті шарттарын орындап жібердім. Екі ап та өткен соң, мен әлемнің 150 ғалымдарының арасынан жеңіп шығып, осы курска жолдама алғаным туралы хабарлама алдым. Ол бойынша барлық шығындар шақырушы жақтан төленетіні туралы айтылды.

Оқу курсында өнеркәсіптік синтетикалық биотехнологияның теориясы, практикасы және қолдану мәселелері қарастырылды.

Курс екі түрлі бөлімнен тұры:

  1. Техникалық курстар: денсаулық сақтау өнімдері, материалдар, химиялық заттар, жанар-жағармай, тамақ және жемшөп қоспалары сияқты синтетикалық биотехнологияның негізгі теориясы, әдістемесі, технологиялық прогресі және қолдану.
  2. Эксперименттік курстар: техникалық дағдыларды нығайту үшін синтетикалық биологиядағы жайында ойластырылған эксперименттер сериясынан.

Сонымен қатар, 20 елден келген 500 қатысушылармен болған MES 2019: Метаболикалық инженерлік саммитке қатытым (MES 2019, 20-22 қазан, Тяньцзинь).

Тағы да, әлемге танымал ғалымдарының лекцияларын тындадым. Негізгі баяндамашылар: Кореяның алдыңғы қатарлы ғылым және технологиялар институтының (KAIST) профессоры Санг Юп Ли және басқа да бірқатар халықаралық ғалымдар, профессор Жибин Сун, профессор Янхэ Ма, профессор Ён Тао, профессор Чаогуанг Тянь және басқа да TIB профессорлары. Қытайдың басқа ғылыми-зерттеу ұйымы.

Тәжірибе соңында КазҰУ мен ТIB арасында студенттер алмасу және лекция беруші профессорлар тұрғысындағы қарым-қатынас жасау туралы меморандумға қол қойылды.

Биотехнология мамандығының

3-курс докторанты                                                             Қосалбаев Бекжан