Университеттің 50-Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясының аясында мастер-шеберліктер.

24 ақпан, 2020

2020 жылдың ақпан айының 12 мен 13 аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты 50-Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.

Дәл сол күні пленарлық отырыстан кейін дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылары келесі тақырыптар бойынша шеберлік сабақтарына қатысты:


1. «Онлайн-курстарды оқу процесіне интеграциялау. Педагогикалық сценарийді әзірлеу әдістемесі»

2. «Оқытушыларды даярлауда университет пен орта мектеп арасындағы өзара әрекеттестіктің жаңа формалары».