Құнды кеңес

26 ақпан, 2020

Жуырда органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасы «Туберкулез және жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.

Шараға С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінен келген арнайы мамандар, студенттерге жұқпалы аурулар жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жиынға Алматы қаласының әртүрлі университеттерінен келген студенттер қатысты.

Медицина ғылымының кандидаттары Күміс Өмешова, Алмаш Жұмабекова бұл аурулардың ішіндегі ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз екендігін және оның жұғу жолдарын түсіндірді. Мұндай жұқпалы дерттерге әркім душар бола бермейді. Адамдар өз денсаулығына жіті қарап, моральдық қағидаттары ұстанып жүрсе мұндай кеселдерге шылдықпайтындығын және одан сақтану ережелерін айтып, студенттерді қызықтыра түсті.  

Шара соңында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің студенттері өкпе құртына байланысты сұрақ-жауап сайысын өткізіп, дұрыс айтқандарға сыйлықтар берілді. Сонымен қатар Қазақстан-Ресей медициналық университетінің студенттері де өздері дайындаған қызықты материалдарымен таныстырды.

www.kaznu.kz