«Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

29 ақпан, 2020

       Алматы қаласы А.П.Чехов атындағы қалалық орталық кітапханасында «Діни экстремизм, терроризм - бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында дөңгелек үстөл ұйымдастырылды. Аталмыш шараға,: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен білікті мамандары арнайы қонақтар ретінде шақырылды. Кездесуге Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі, доцент Сүлейменов Пірімбек Мұханбетұлы, осы кафедраның аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Мадияров Мирхат Мұратұлы және аға оқытушы, PhD докторы Бағашаров Құдайберді Сабыржанұлы қатысып, жастарға ақыл кеңестерін айтты, ойларын ортаға салушы жасөспірімдер, Рузуддинов атындағы стомотология коледжі студенттері мен № 147 мектеп – гимназиясының оқушылары қатысты.

       Ұстаз-ғалымдар, жеткіншек ұрпаққа елдегі экстремизм мәселелерінің рухани жүдеуліктен, жастардың ақпарат көздерінен танысқан ақпараттың ақ-қарасын ажырата алмай, түрлі кері ағымдардың ықпалына түсіп отырғанын баса айтты. Коғамдағы осы бір кережақ жағдайдың болуының бір себебі де сол, білімсіздік пен діни сауаттың жоқтығы болып отыр.

      Рухани болмысты, кең дүниетаныммен, атадан балаға мұра болып келе жатқан салт-дәстүрді жалғастырумен, ұлттық мәдениетті дамытумен, діннің қоғамға пайдалы ізгі құндылықтарын дұрыс түсініп, өмірде пайдалана алу қажет. Отансүйгіштік, ата-ананы құрметтеу, көркем мінез қалыптастыру, бауырмашылдық пен қарапайымдылық деген адамзаттың асыл сезімдерін бойына сіңіре алған жас буын, түрлі жат идеология жетегінде кете бермесі ақиқат.

    Жастайынан «Алпамыс», «Қобыланды» мен «Ер Төстікті» жаттап, әл- Фарабидің рухани мұраларын, Абай хакімнің дана өлеңдері мен қара сөздеріне «бойын алдырып», абыз-билердің кемеңгер өсиеттерін тыңдап, Елім дегенде арыстанша атылған һас батырларын өнеге тұтқан ұрпақ – нағыз ел болашағы болмақ.

     Осындай, жүрекке жететін, рухты көтеріп, ар-намысты оятатын сұхбат, аға буынның өсиет сөздерімен тәмамдалып, жиынға қатысқандар рухани мол азық алып қимай қоштасты. Өнегелі шараны ұйымдастырып отырған А.П.Чехов атындағы кітапхана ұжымына екі тарап та өз ризашылықтырын білдірді.