- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Экономика және эконометрика» мамандығы алғаш рет «QS WUR by Subject 2020» пәндік рейтингіcіне енді
«Экономика және эконометрика» мамандығы алғаш рет «QS WUR by Subject 2020» пәндік рейтингіcіне енді
«QS World University Ranking by Subject 2020» пәндік рейтингісінің қорытындысы бойынша әл-Фараби ат. ҚазҰУ өз көрсеткіштерін жақсартып, позициясын күшейтті.
QS «WUR by Subject» рейтингісінде бес пәндік салада әлемнің 1200-ден астам университеттері сараланды. Өткен жылмен салыстырғанда ҚазҰУ әр түрлі пәндік салаларда өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. Сонымен қатар, аталмыш рейтингке басқа мамандықтармен қатар «Экономика және эконометрика» (451-500) мамандығы алғаш рет енді.
Рейтинг әдіснамасы төрт негізгі көрсеткіштер негізінде құрылады: академиялық беделі, жұмыс берушілер арасындағы беделі, ғылыми мақалаларға сілтемелер жасалуы және Хирш индексі. Рейтинг 95 мыңнан астам оқытушылардың, 45 мың жұмыс берушілердің пікірін, сондай-ақ «Scopus» деректер қорынан алынған мәліметтерді ескере отырып жасалды.
ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айнала отырып, әлемдік рейтингтерде табысты алға жылжып келе жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, 2019 жылы QS жаһандық рейтингісінің нәтижесі бойынша жетекші қазақстандық университет әлемнің үздік ЖОО тізімінде 207-орынды иеленді. ТМД елдерінен бұл топқа тек Ломоносов ат. ММУ және әл-Фараби ат. ҚазҰУ енді.