«Қазіргі кезеңдегі ЖОО түлектерінің құзыреттілік моделі» атты дөңгелек үстел

12 наурыз, 2020

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи түсіндірілуі»  атты 50-ші халықаралық ғылыми-методикалық конференция аясында тарих, археология және этнология факультетінде «Қазіргі кезеңдегі ЖОО түлектерінің құзыреттілік моделі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді ұйымдастырған тарих, археология және этнология факультеті методбюросы. Жиынға факультет профессор-оқытушылары, студенттер мен магистранттар, Алматы қаласы орта мектептерінің мұғалімдері мен әкімшілігі өкілдері, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы бөлімі меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Ужкенов Е.М., «Өрлеу» БАҰО» АҚ  қызметкері, т.ғ.д., Сардарова Ж.И., университеттің әдістемелік бөлімі қызметкері Омарбекова Ж.Қ. қатысты.