№ 15 мектеп-гимназия оқушыларына жүргізілген кәсіби бағдар беру жұмыстары

16 наурыз, 2020

 

 

Бүгінгі күні оқушылардың тек 10-15 пайызы ғана болашақта кім болғысы келетінін біледі. Ал, қалған көпшілігі, бұл түлектердің кем дегенде 85 пайызы "сосын көре жатырмыз" принципі бойынша мамандықты таңдайды. Алайда, мамандықты таңдау кезінде оқушылар мен студенттер тек оқу орнының беделі мен мамандықтың атауына сүйеніп отырады. Талап етілмейтін мамандардың үлкен санымен және мамандықты кездейсоқ таңдамаулары үшін оқу жоспары бойынша өтетін педагогикалық тәжірибе кезінде біздің кафедра оқытушылары 4 курс студенттерімен бірге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыс оқушыларға өз қабілеттері мен таланттарын аша алатын, өздерінің барлық әлеуетін жүзеге асыра алатын кәсіби саланы анықтауға мүмкіндік береді. Оқушылармен кездесу және әңгімелесу кезінде олар кәсіби қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес кәсіпті және оқу орнын саналы таңдауға көмектесетін ақпарат пен кеңестер алады.

Фотосуреттерде кафедра оқытушылары А.Б. Еланцев, доцент м. а. М. С. Кулбаева, аға оқытушы Е. В. Швецова № 15 гимназия оқушыларымен кездесу кезінде.

 

www.kaznu.kz