- Басты бет
- Жаңалықтар
- Елбасының биылғы халыққа Жолдауы барысында ел экономикасының қазіргі жай-күйі толық сараланды - Е. Оңғарбаев / www.inform.kz
Елбасының биылғы халыққа Жолдауы барысында ел экономикасының қазіргі жай-күйі толық сараланды - Е. Оңғарбаев / www.inform.kz
Елбасы Жолдауында елімізде 200-ден астам өнім түрі шығарылатындығын әрі орташа айлық деңгейі 80 мың теңгеге жеткендігін баяндады. Осындай жетістіктеріміздің арқасында мемлекет әл-ауқат қоры жағынан бүкіл дүниежүзі бойынша 50-орынды иеленіп отырғандығы қуантарлық жағдай», - дейді декан.
Сондай-ақ ол Жолдауда айтылған ел экономикасын жоғарылату үшін басты және негізгі назар аударатын мәселе, әрі мақсат - индустрияландыру болғандығын айтады. «2020 жылға дейін ішкі жалпы өнім мөлшерінің өсімін 30 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл үшін Үкімет қабылдаған үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның орындалуы маңызды екендігі айқын», - дейді Е. Оңғарбаев.
Е. Оңғарбаев сонымен қатар Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында да мазмұнды және нақты міндеттер қойылғандығын және 12 жылдық білім беруге көшу, инновацияға негізделген жоғары оқу орындарын анықтау сияқты мемлекеттік маңызы бар мәселелер көтерілгендігін айтады. «Елімізде 149 жоғары оқу орнының жұмыс жасауы және олардың қазіргі деңгейі мен дәрежесі сынға алынды. Докторлық және кандидаттық ғылыми дәрежелерін беретін ғылыми кеңестердің жұмысы туралы алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойылып, жоғары оқу орындары енді тек магистрлер мен философия докторларын дайындайтын болды. Бұл бір жағынан 60 ғылым кандидатының немесе 37 ғылым докторының біреуі ғана жұмыс жасап жүрген ғылыми ортадағы нағыз ғалымдардың тек ғылыми дәреже үшін ғана емес, халыққа пайдалы жаңалық ашу үшін жұмыс жасауға ұмтылысын тудыратыны сөзсіз», - дейді декан.
Е.Оңғарбаев сонымен қатар Жолдау барысында халықтың денсаулығын нығайтуға байланысты, жұмыспен, таза ауызсумен қамту сияқты қарапайым халықтың көкейінде жүрген, күнделікті күн тәртібіндегі сұрақтар мен мәселелерге байланысты нақты тапсырмалар айтылғандығын жеткізді.
Сонымен қатар ол ел аузында жүрген Президент өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзартуға байланысты референдум өткізуге қатысты Елбасы өз ойын білдіргендігін айтады. «Мұнда халықтың пікірі мен қолдауы көрсетіп отырғандай, әрқашан да осындай Жолдауларда айтылған нақты міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін Президент өкілеттігін ұзартуды Қазақстан халқының барлығы қолдайды деп есептеймін. Елі қолдап тұрған кезде, Елбасы Жолдауы да толығымен орындалады деп сеніммен айтуға болады», - дейді декан.