ҚазҰУ толығымен қашықтан білім беруге көшті

17 наурыз, 2020

Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) алдын алу және ескерту мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ озық сандық білім беру технологияларын қолдана отырып толығымен қашықтан білім беру жүйесіне көшті.

ҚазҰУ-дың зерттеу университетіне айналуының маңызды құрамдас бөлігі барлық бизнес-үдерістерді сандық форматқа көшіру болды. Соңғы жылдары университетте «ақылды» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым және smart-кампус құрылды, бұлтты және мобильді технологиялар енгізілді, ал ІТ-қызметтерді дамыту ЖОО-ны сапалы жаңа сандық деңгейге шығарды. Бұл оқу үдерісін қазіргі сабақ кестесі бойынша қашықтықтан оқыту түріне жедел ауыстыруға мүмкіндік берді.

Университеттің заманауи және дамыған IT-инфрақұрылымы барлық студенттерді қашықтан оқытуға қамтуға мүмкіндік береді. Бұл үшін «Универ 2.0», «Moodle» ақпаратттық-білім беру платформалары пайдаланылуда. «Универ 2.0» ҚазҰУ-дың инновациялық әзірлемесі болып табылады. Бағдарламалық кешен пәндердің курстары мен оқу-әдістемелік кешендерінің базасын қалыптастыру, жеке немесе топтық дәрістер өткізу, тапсырмалар беру, студенттерге олардың орындалуын қадағалау, курсты меңгеру дәрежесін бағалау және басқа да мүмкіндіктер береді.

Сонымен қатар, біздің университеттің программистері «Универ 2.0» жүйесінің әлемдегі ең танымал «Moodle» қашықтан оқыту жүйесімен бірегей интеграциясын жүзеге асырды», – деп атап өтті оқу ісі жөніндегі проректор Асқар Хикметов. Проректордың айтуынша, онлайн-тыңдаушылардың үлкен ағынын қолдау үшін оның ауқымын жылдам кеңейтіп, оқытушымен жеке ақпар алмасу құралдарын қолдану, топта талқылау, кез келген форматтағы файлдармен алмасу жүйенің артықшылығы болып табылады.

«Қашықтан оқытуға көшуге байланысты қандай да бір қиындықтарды бастан кешіріп отырған жоқпыз. Сондай-ақ, бұрынғы кесте бойынша, тек қашықтықтан оқудамыз, жүйе бізге ыңғайлы, оқытудың жаңа форматын меңгеретін боламыз», – деді 3 курс студенті Камила Қожахметова.

Студенттер үйлерінде барлық студенттерге жоғары жылдамдықты интернетке тегін қол жеткізу қамтамасыз етілген.

Жағдаяттық басқару орталығы қашықтан білім беру үдерісін бақылау мен мониторингті жүзеге асыруда. Қашықтықтан оқыту мүмкіндіктері ҚазҰУ мен «Microsoft» арасында орнаған ынтымақтастықтықтың жемісті нәтижесі. Әлемдік танымал IT-компаниямен бірлескен жұмыстың және «Office 365» бағдарламалық өнімін енгізудің арқасында студенттер мен оқытушылар білім алу үшін «Microsoft Teams» сервисін пайдалана алады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқытуды жүзеге асыру үшін ресурстары жоқ басқа оқу орындарына өз платформасын ұсынуға дайын.