"Аймақтану" мамандығы бойынша жыл сайынғы республикалық студенттік пән олимпиадасы қашықтықтан өткізіледі

25 наурыз, 2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен іс-шаралар аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультеті 2020 жылдың 27 наурыз күні "Аймақтану" мамандығы бойынша жыл сайынғы республикалық студенттік пән олимпиадасын қашықтықта өткізеді. Олимпиада тақырыбы: “Тұрақты даму: жаңа сын-қатерлер”. 2015 жылы БҰҰ аясында "тұрақты даму саласындағы күн тәртібі" құжаты дайындалды, онда тұрақты даму саласындағы 2015 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған мақсаттар қамтылған. (17 мақсатқа біріктірілген әртүрлі бағыттар бойынша 170-тен астам міндеттер - кедейшілікті еңсеруден және аштықты жоюдан гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөнінде шұғыл шаралар қабылдауға дейін).

Олимпиаданың мақсаты: шығармашылық қабілеттерді ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету; студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі заманғы ғылыми мәселелерді шешуге тарту; тұрақты даму мәселелері мен сын-қатерлерін түсіну және шешу; ғылыми және практикалық қызметке қызығушылықты дамыту.

Олимпиада өтетін жер: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95 (Байтұрсынов көшесінің қиылысы), халықаралық қатынастар факультеті

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Олимпиадаға қатысу жөніндегі өтінішті 2020 жылдың 20 наурызына дейін беру қажет.(қашықтықта)

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Олимпиадаға қатысу өтінімдері 2020 жылдың 20 наурызына дейін тапсырылуы керек. Олимпиаданың бағдарламасы туралы ақпараттық хат бұған дейін жоғары оқу орындарына жіберілген болатын.

Материалдар 2020 жылдың 26 ​​наурызына дейін сағат 15.00 дейін жіберілуі керек

«Аймақтану» мамандығының барлық университеттерін олимпиадаға қатысуға шақырамыз!

 

Қосымша ақпарат алу үшін:

87772237300 Мовкебаева Галия Ахметвалиевна

e-mail: gmovkebayeva@gmail.com

 

Республикалық пән олимпиадасының ұйымдастырушы комитеті