«Антиэйджинг» ұйымдастырған байқау мәресіне жетті

27 наурыз, 2020

ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық институтында ашылған «Антиэйнджинг» ғылыми-зерттеу орталығының (ҒЗО) үздік логотипі (эмблемасы) бойынша студенттер мен магистранттар арасында өткен байқау жеңімпаздары анықталды.

«Антиэйнджинг» ҒЗО үздік логотипіне (эмблемасына) арналған студенттер мен магистранттар арасындағы байқауға ҚазҰУ-дың барлық факультеттерінің белсенділері қатысты.

Негізгі мақсат - адам өмірін ұзартуға арналған «Антиэйнджинг» ҒЗО-ның идеясын бейнелейтін «Антиэйнджинг» ҒЗО-ның болашақ эмблемасының бірегей эскиздерін ұсыну болды. Белсенді жастар эмблеманың эскизін жасауда шығармашылық көзқарасты, стандартты емес ойлауды және эрудицияның жоғары деңгейін көрсетті.

Конкурстың іріктеу қорытындысы бойынша комиссия «Антиэйнджинг» ҒЗО-ның үздік логотипі (эмблемасы) бойынша студенттер мен магистранттар арасындағы байқаудың жеңімпазы филология және әлем тілдері факультетінің магистранты Айнұр Әділжанқызы атанды. 

Байқау қатысушылары арасында жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша көрермендер көзайымы жүлдесі журналистика факультетінің екінші курс магистранты Сырлыбаев Қанатбекке берілді. Байқау соңында өзге де орын иеленген жеңімпаздарға ақшалай жүлде мен естелік сыйлықтар табысталды.

www.kaznu.kz