"Компьютерлік инженерия" мамандығының 1902 тобының студенттері 01.03.2020ж көктемнің алғашқы күнін игі іс жасаумен бастады. ҚР-ның президентінің бастамасымен " 2020 жыл - еріктілер жылы " деп жарияланды.Осы еріктілер жылына орай "Қайырымды қоғам" челленджіне қатысуға шешім қабылдадық. Осы челлендж барысында университетіміздің студенттері қиын жағдайдағы көп жандарға көмек қолын созып , игі істерге себепші болуда. Біздің группамызда өз тарапынан осындай игі істерге атсалысуыды дұрыс деп білеміз . Сондықтан көп балалы , жалғыз басты анаға көмек беруге қуана кірістік. Осындай қайырымды іс жасағаннан кейін ерекше бір сезімде болдық. Ананың айтқан алғысы мен тілеген тілектері , балалардың көзіндегі қуаныштан кейін барлығымызда керемет іс жасағандай әсер қалды. Тағы да осындай іс-шаралар өткіземіз деген ойдамыз.
Куратор: Байтенова С. А.
#alfarabiqq
https://www.instagram.com/p/B9Rg_pmlgwb/