Қайырлы күн Қазақ елі, әріптестер, шәкірттер!
Әлемді дүр сілкіндірген індеттің Отанымызға тигізіп жатқан зияны аз емес. Осы бір қиын-қыстау сынақ кезеңінен ел болып "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару" біздің бірлігіміз бен елдігіміздің айқын көрінісі.
⠀
Қадірлі студенттер, біз үшін сіздердің әрқайсысыларыңыз қымбатсыздар. Сіздерге, қашықтықтан білім беру негізі де сапалы, құнды әрі әдістемелік құрылымдар мен тәсілдерге сәйкес болуда. Осы орайда университетіміз де әрбір факультетіміз де қолдан келген барлық жағдайды жасауда. Сол жолда біз, сіздер үшін еңбек етудеміз. Сіздерден де оқытушыларыңызды яғни біздерді қолдауды сұраймыз.
⠀
Әрбіріңіздің осындай қиын кезеңде жауапкершілікті сезініп, сабақтарыңызды жақсы оқып, факультетіміз бен университетіміз үшін, ата-анамыз бен жалпы еліміз үшін болашақта білікті маман, білімпаз студенттер болып шығатындарыңызға сенеміз.
Сағынысып, қауышатын бақытты күндер де алыс емес.
⠀
Қамалы биік күндеміз,
Ажырамас іргеміз.
Сынақтарға дес бермес,
Біз әрқашан біргеміз.
Тарих Факультетінің деканы Ногайбаева М.С.
⠀
#бізбіргеміз
#bizbirgemiz
#kaznu
#tarih
#ұлттықуниверситет