"Пандемия туралы ақпарат - Жергілікті жағдайдан ғаламдыққа"
10 сәуір, 2020
Журналистика факультетінің магистранттары үшін «Дата-журналистика» бағдарламасы бойынша онлайн режимінде ҚР БҰҰ Жаһандық коммуникация департаментінің өкілі, Қоғамдық ақпарат бюросы Басшысы Властимил Самектің қатысуымен «Халықаралық маңызы бар төтенше жағдай:Пандемия туралы ақпарат - Жергілікті жағдайдан ғаламдыққа» ғылыми семинар өтті. БҰҰ-ның COVID-19 қатысты ақпараттық қорларымен таныстырған В. Самек мырза, Қазақстандағы төтенше жағдайда ақпараттар мен деректердің шынайылығы тұрғындар үшін маңызын ерекше атады. Семинарды Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбаева жүргізді.