Ұшқан ұя шақырады

11 сәуір, 2020

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің 85 жылдығына байланысты Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен 14-26 қазан аралығында «Ұлттық рух ұясы» атты апталықтар өткізілуде.

Осыған орай БАҚ құралдарының әр саласында өзін танытып жүрген журналист-түлектер өз ұшқан ұясында шеберлік сыныптарын өткізуде.

15 қазан күні «Хабар» арнасының тілшісі Ұлан Нарынбек студенттерге өз шеберлік сыныбын өткізді. Ол өзінің негізгі мамандығы тарихшы бола тұра журналистикаға қалай келгенін жиналған қауымға әсерлі әңгімелеп берді. Тәжірибелік журналистиканың талаптары мен қыр-сырын тарқата отырып өз ұстанымдарымен бөлісті.

Оқиға орнынан хабар тарату, шет елдердегі отты нүктеге барған журналистің іс-әрекеті, әлеуметтік жағдайды көрсетудің ерекшеліктері, тарихи тақырыптарды зерттеу т.б мәселелерге айырықша тоқталған ол болашақ журналистер сұрақтарына да ықыласпен ұтымды жауап берді.            

Авторы: Г.С. Өзбекова

https://www.youtube.com/watch?v=Ks7vJzhu1JI