Бауырлас Туркия мамлекетіндегі Мимар Синан университетінің профессоры университетіміздің тарих факультетінде Ph.D докторантар мен магистрантарға ғылыми дәріс беруде

14 ақпан, 2011

Ақпан айының 1-15 аралығында бауырлас Туркия мемлекетіндегі Мимар Синан университетінің профессоры әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих факультетінің Ph.D докторанттарына ғылыми дәрістер оқып ғылыми еңбектеріне пайдалы кеңестер беруде. Сонымен қатар факультеттің оқытушы-профессорлар құрамымен кездесу өткізілді. Т.ғ.д., профессор Қ.С.Қаражан жетекшілік жасайтын Жаңа, қазіргі заман және тәуелсіз Қазақстан тарихы кафедрасымен тығыз байланыс орнатып аталған кафедраның Ph.D докторантты Ж.Ж. Құмғанбаевқа ғылыми жетекшілік жасайды. Сол себепті профессор, тарих ғылымдарының докторы факультетте арнайы дәрістер оқып, тәжірибе алмастыруға шақыртылды.

Кеңестік жүйе кезінде ашылмаған тарихи шындық, айтылмаған мемлекеттік үшін күрескен ұлт зиялылары егемендік алғаннан бастап ақтала бастады. Солардың бірі Алаш Орда үкіметін өшірмей шетелдерде жалғастырушы, Түркістан мұхтариятын құру мақсатымен күрескен ұлт зиялысы Мұстафа Шоқайдың өмірін шетелдерде зерттеулер жүргізіп, шет мемлекеттерга танытып жүрген профессор Әбдіуақап Қарамен болған кездесулер және ғалымның оқыған дәрістері тарих ғылымына мемлекетімізге пайдасы тиетіндігі айқын.

Үстіміздегі 2010 жылы Франция парламентінің қолдауымен Парижде тәуелсіздік үшін күрескен Мұстафа Шоқайды қолдап ескерткіш орнатып, демалыс саябағын зиялы қауым есімін беруіне ат салысқан ғалымдардың бірі профессор Әбдіуақап Қараның да еңбегі зор.

Биыл тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай аталған іс шаралар мерейімізді үстемдететіні айқын. Профессор Әбдіуақап Қара Еуропада «Азат» радиосында қызметте жүріп Мұстафа Шоқайдың жүрген өмір жолына зерттеулер жүргізіп ғылыми айналымға енгізген белгілі ғалым.