- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Ұлттық университет, журналистика факультетінің 1-курс магистранттарының үндеуі
Әл-Фараби атындағы Ұлттық университет, журналистика факультетінің 1-курс магистранттарының үндеуі
« Әлемді коронавирус деген індет жайлап бара жатыр.Біздің мемлекет сақтық шараларына алдын- ала кірісті.Өйткені, Европа елдерінде болып жатқан адам шығыны солай етуге әкелді. Алайда үкімет қолданып отырған сақтық шараларына халқымыз мойынсұнбауда. Біздің халық әл Фарабидің, Абайдың дана халқы екенін тағы да бір дәлелдейік, ағайын! «Тәртіпке бағынған құл болмас!» дегендей өрелі ел болуға тырысайық!
Біздер әл Фараби атындағы Ұлттық университет, журналистика факультетінің 1-курс магистранттары ұстазымыз Клара Қабылғазина апаймен бірге «Індетті қазақ неге мойындамай отыр?» деген тақырыпта журналистік зерттеу жасап, мәтін жазып, оны БАҚ –тарда жариялауға уәде береміз. Осылайша үкіметіміз жүргізіп отырған іс-шараларға қолдау көрсетеміз!»
Үндеу фейсбук, инстаграм сияқты әлеуметтік желілер және «Русское радио» арнасы арқылы таралды.