Үздіктердің қатарында «Нейронды протез» жобасы!

16 сәуір, 2020
 

 

Үздіктердің қатарында «Нейронды протез» жобасы!

 

ҚазҰУ студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобаларының жыл сайынғы байқауы өтті.

 

Бұл байқауға механика –математика факультетінің жас ғалымдары да белсене қатысып үш бірдей жоба ұсынды.

 

1 жоба тақырыбы -«Smart Sity» бағдарламасы аясындағы ақылды үй құрылғысы. HWCS. Арнайы үй жағдайын қашықтықтан бақылап, басқару. Қысқаша айтқанда ақылды үйді бір ғана құрылғымен басқару. Яғни барлық үйде орнатылған құрылғылар бір жүйеге жинақталады. Соның арқасында үй қауіпсіздігін арттырады, жайлылық сыйлайды.

 

Орындаушы: Убайдуллаев Бауыржан, 2 курс робототехникалық жүйелер мамандығы.

Жетекшісі:  Сагитжанов Берік.

@bake_sagitzhanov, @_bauyrjan

 

2 жоба. Нейронды протез. 3D-Технология көмегімен нейрондық датчик арқылы басқарылатын бионикалық қолды жобалау. Аты айтып тұрғандай мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған, атап айтқанда дене мүшелерінің жетіспейтін бөлігін осындай нейрондар арқылы басқарылатын протездермен толықтыру. Мақсат - осындай жандардың толыққанды өмір сүруін қамтамасыз ету.

 

Жоба авторлары: Убайдуллаев Бауыржан, 2 курс робототехникалық жүйелер мамандығы.

 

Жетекшісі: Сагитжанов Берік және Аманов Бекзат.

@bake_sagitzhanov,@_bauyrjan._ 

 

3-жоба. Төтенше жағдайға арналған бағдарламаланған өрмекші робот. Апатты жағдай кезінде, мысалы жер сілкінісі, жарылыс салдарынан ғимараттардың, шахталардың қирауы себебінен адамдар көміліп қалып жатады. Сол орайда құтқарушы топ нақты қай жерде адам жатқанын таппай, әр жерді қазып дал болып уақыт жоғалтып жатады, соның кесірінен кешігіп адам шығыныда орын алады. Сондықтан осындай проблемалардың бірден бір шешімі ретінде бағдарламаланған өрмекші робот ұсынылды.Өйткені бұл өрмекші робот кез келген қуысқа кіріп кете алады, жүрген жолының картасын сызып, адам жатқан жерлерге белгі тастап кетіп отырады.

 

Орындаушы: Убайдуллаев Бауыржан, 2 курс робототехникалық жүйелер мамандығы.

 

Жетекшісі:  Сагитжанов Берік және Аманов Бекзат.

@bake_sagitzhanov, @_bauyrjan._ 

 

Осы үш жобаның ішінен әділқазылар алқасы «Нейронды протез» жобасын үздік деп тауып, жоба авторлары Берік Сағитжанов пен механика кафедрасының 2-курс студенті Убайдуллаев Бауыржан арнай Дипломмен марапатталып, 100 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

 

Құттықтаймыз!

 

Динара Туралина

Механика кафедрасы