Заядан Болатхан Казыханұлының оқу әдістемелік құралының тұсаукесері

15 ақпан, 2011

8 ақпан күні әл-Фараби атындағы ҚазНҰ микробиология кафедрасының профессоры, Заядан Болатхан Казыханұлының «Фототрофты микрорганизмдер биотехнологиясы», «Экологическая биотехнология фототрофных микроорганизмов», «Тағам биотехнологиясы» кітаптарының және «Микробалдырлардың таза дақылдарын бөліп алу және оларды белсенді өсіру тәсілдері» оқу әдістемелік құралының тұсаукесері өтті. Осы кітаптардың авторы биология ғылымдарының докторы, профессор Заядан Болатхан Казыханұлы экологиялық моноторинг саласындағы маман және Ресей, Қытай, Үнді, Түркия елдерінің ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс атқарған. Ұсынылған кітаптар биологтар, экологтар және биотехнологтардың ғылыми зерттеулеріне арналған. Тұсаукесерге әл-Фараби атындағы ҚазНҰ биология факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.