Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз!

16 сәуір, 2020

Коронавирустық пневмониямен ауырғандар саны әлемде екі миллионға жақындап келеді және барлық елдер осы пандемиямен ауырғандардың шығындарын азайтуға тырысуда. Бірақ, көптеген факторлардың ішінде бірінші орында осы ауруға қарсы тұру шарасының ең тиімді жолын табу, ол әлемнің жетекші мамандарының айтуынша, жұқтырғандарды ерте анықтау мен оларды заманауи технологияларды, жабдықтарды және фармокопеяны пайдалана отырып, жоғары білікті медициналық қызметкермен емдеу ғана емес, сонымен қатар физикалық оқшаулау, яғни халық арасында карантин шараларының кең ауқымды тиімді жүйесін енгізу. Карантинді бұзушылардың арасындағы жастардың ойынша, бұл аурумен тек қарт адамдар ауырады деген сенімінің болуы. Бірақ бұл дұрыс пікір емес. Бұл аурумен жастар да ауырады, тіпті өліммен аяқталған жағдайлар кездеседі. Жастарда да өкпе аурулары бар, бұл өкпе паренхимасының фиброзына байланысты тыныс алу жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері айтарлықтай төмендеуі орын алады. Біз бұл туралы әлеуметтік желілерде көп айтып, көп жазуымыз керек. 

Профессор С. Т. Нуртазин

Доцент И.М. Жаркова

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz