- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2011 жылдың 1-2 наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы механика бойынша Бірінші халықаралық Жолдасбеков Cимпозиумын өткізеді.
2011 жылдың 1-2 наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы механика бойынша Бірінші халықаралық Жолдасбеков Cимпозиумын өткізеді.
Бірінші ақпараттық хат
2011 жылдың 1-2 наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы механика бойынша Бірінші халықаралық Жолдасбеков Cимпозиумын өткізеді. Бұл Симпозиум белгілі ғалым, ғылым және білім ұйымдастырушысы, қоғам, саяси және мемлекет қайраткер, Қазақстандағы роботтар механикасы және механизмдер мен машиналар теориясы мектебінің негізін қалаған академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековке арналады.
Симпозиумның мақсаты және есебі –қазіргі механиканың дамуын анықтау және жетістіктерін талқылау, халықаралық байланыстарды нығайту және алыс, жақын шет ел ғалымдары мен қазақстандық ғалымдардың арасындағы бірлестікті кеңейту болып табылады.
СИМПОЗИУМНЫҢ ҒЫЛЫМИ БАҒДАРЛАМАСЫ
1- секция. Теориялық және қолданбалы механика
1-бөлімше. Теориялық механика және қозғалысты басқару
2-бөлімше. Машиналар және робототехникалық жүйелер механикасы
3-бөлімше. Қазақстан Республикасы ғылымының дамуының басымдылық
бағыттарындағы техника және технология
2- секция. Тұтас орта механикасы
1-бөлімше. Сұйықтар мен газдар механикасы
2-бөлімше. Диференциалданатын қатты дене және тау жыныстары механикасы
3- секция. Механиканың математикалық сұрақтары
1-бөлімше. Есептеу механикасы
2-бөлімше. Математикалық және компьютерлік моделдеу
3-бөлімше. Механикадағы сабақ беру әдісі
СИМПОЗИУМНІҢ ӨТУ КҮНІ ЖӘНЕ ОРНЫ
Симпозиум 16 жылдан астам уақыт бойы академик Ө.А. Жолдасбеков басқарған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткізіледі. Оның қолдауымен атақты университет қалашығының ғимарат кешені бой көтерді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і Республиканың жоғары оқу орындарының арасында бірінші орынға ие және де жоғары кәсіптік білімнің және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, ғылымның инновациалық дамуының ұлттық лидері болып саналады, халықаралық білім кеңістігінде интеграция үрдісінде мақсаткерлік және белсенді түрде атсалысуда. 2009 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Білім сапасын қамтамасыз ету» қаржылық бағдарламасы негізінде математика және жаратылыстану ғылымдары, информатика, инженерлік салада аккредитациялық білім бағдарламасы аумағындағы жетекші еуропалық ұйым болып табылатын ASIIN (Германия) агентінде бакалавриатура және магистратура білім бағдарламасы бойынша он аккредитациялау жүргізді. Бүгінгі күнде университеттің 14 факультетінде 16 мыңнан астам студенттер оқиды, ғылымға үлкен еңбек сіңірген жеткілікті ғылым кадрлары дайындалуда.
Академик Ө.А. Жолдасбеков – Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының негізін қалаушылардың бірі және бірінші президенті. Ол 1991 жылы технологиялық жиынтықтарды инновациялық қамтамасыз етумен байланысты қазіргі технологиялық-экономикалық дамудың практикалық мәселелерін жүйелік қамту мақсатында құрылды. Инженерлік іс мамандарының және ғалымдардың кәсіптік консолидациясы, іргелі ғылымдар мен әлемдік тәжірибелер жетістіктерін ескере отырып техника, технология және материалдардың жаңа түрін жасауға бағытталға, Қазақстанның ғылыми ұйымдары және ғылыми-зерттеу орталықтары арасында жоғарғы мәртебеге және лайықты орынға ие болуға мүмкіндік берді.
программа Джолдасбековкого симпозиума.pdf
СИМПОЗИУМНЫҢ ЖҰМЫС ТІЛДЕРІ: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі
НЕГІЗГІ КҮНДЕР
2011 жылдың 15 қаңтарына дейін |
Электрондық тіркелу және баяндамаға өтініш толтыру, тезистерді ұсыну |
2011 жылдың 1 ақпанына дейін |
Баяндама бағдарламаға қосылуын растау. Симпозиумға қатысуға шақыру |
2011 жылдың 15 ақпанына дейін |
Келуін растау, келуі туралы ақпарат. |
2011 жылдың 1-2 наурыз |
Симпозиум күндері |
2011 жылдың 10 наурызына дейін |
Баяндамаларын шығарылымға ұсынған авторлар хабарланады |
2011 жылдың 31 наурызына дейін |
Жариялануға дайын баяндамалардың мәтіндерін ұйымдастыру комитетіне өткізу |
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ АДРЕСІ:
Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы, Масанчи 39/47
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, механика-математика факультеті, 313 к.
Тел.: 2926022, 2925717, ішкі 21-86; 2925418 (НИИ ММ)
E-mail: Zhanylkul.Turarova@kaznu.kz
Барлық қосымша ақпарат http//conf.kaznu.kz/IDSM-2011 сайтында береліді.
СИМПОЗИУМҒА ҚАТЫСУ ӨТІНІШІНІҢ ТІРКЕЛУ ТҮРІ
_______________________________________________қатысушылар санына қосуыңызды сұраймын
(аты, жөні, тегі)
_____________________________________________________________________________________
(баяндаманың аты)
__________________________________________________________баяндамамен (баяндамалармен)
Қосымша баяндамашы ____________________________________________________________________________________
БАЯНДАМАНЫҢ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТЫ:
|
|
|
|
|
|
(керегін белгілеу керек)
Мекемесі______________________________________________________________________
Лауазымы (егер студент болса (аспирант, Ph.D. докторы), курсын көрсету керек (оқу жылын)) ______________________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі__________________________Атағы________________________________
Жас ғалым (35 жасқа дейін):
Мекен-жайы _______________________________________________________________
телефон (қаланың кодымен) (үй)___________ телефон (жұм.)__________________
E-mail (міндетті түрде, өйткені көрсетілген электрондық мекен-жай бойынша шақырылу жіберіледі) ______________________ факс ____________________
Менің мақсатым:
|
|
|
|
|
|
Маған қонақ үй қажет .
Сіздерді Симпозиумның жұмысына қатысуға шақырамыз!
МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖАРИЯЛАУ
Симпозиумның басында тезистерді басып шығару жоспарлануда. Симпозиум өткеннен кейін секциялардың ұсынысы бойынша ең үздік баяндамалар арнайы «Вестник КазНУ. Математика, механика, информатика» сериясы бойынша басылымында жарияланады. Әр автордан 2 тезистен артық қабылданбайды.
Тезистердің мәтіндері электрондық түрде ұйымдастыру комитетіне келесі мекен-жай бойынша өткізілуі тиіс: Zhanylkul.Turarova@kaznu.kz, төмендегі талаптардың орындалуы керек:
1) мәтін көлемі 1 беттен (форматы А4) аспау керек және тіркеу нысаны Word 2003/XP редакторында терілуі қажет;
2) парақтың параметрлері: жоғарғы жағы - 2см, төменгі жағы - 2см, оң жағы – 2см, сол жағы - 3см;
3) шрифт: Times New Roman, Times New Roman KZ, шрифт өлшемі – 12; жоларалық интервал – бірлік;
4) тезистің тақырыбы бас әріптермен 14 өлшемді қарайтылған шрифтпен парақтың ортасына жазылады, бір жолдан кейін жаңа жолға 12 өлшемді қарайтылған шрифтпен автордың фамилиясы мен инициалдары жазылады, келесі жолға курсив жазумен 11 өлшемді шрифтпен жұмыс істейтін орны (толығымен), қаласы, елі, E-mail;
5) формулалар Microsoft Equation редакторында орындалуы керек, өлшемдері: әдеттегідей – 12 пт, ірі индекс – 10 пт, кіші индекс - 7 пт, ірі символ – 22 пт, кіші символ – 12 пт.
(Тезисті даярлау үлгісі беріледі):
Баяндамалардың мәтініне қойылатын талаптар тезистің мәтініне қойылған талаптармен бірдей, көлемі 6 беттен көп емес. Секциялардың ұсынысымен жариялануға берілген баяндамалардың авторлары 2011 жылдың 10-шы наурызына дейін хабарланады. Шығарылымға дайын мәтендерді 2011 жылдың 31 наурызына дейін өткізу керек.
Тезисті даярлау үлгісі
ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІК ТЕҢДЕУІНІҢ БІР ШЕКТІК
ЕСЕБІ ТУРАЛЫ (шрифт өлшемі – 14)
(1 бос жол, 14 өлшеммен)
Оспанов А.В. (шрифт өлшемі - 12)
аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
E-mail: Iskakova@kaznu.kz (шрифт өлшемі - 11)
(1 бос жол, 14 өлшеммен)
Есептің қойылымы. Келесі бастапқы-шектік есепті қарастырайық…….(Негізгі мәтін, шрифт өлшемі - 12)
(1 бос жол, 14 өлшеммен)