Елдегі төтенше жағдайға байланысты 16 наурыздан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті қашықтықтан оқыту режиміне көшті

19 сәуір, 2020

Елдегі төтенше жағдайға байланысты 16 наурыздан бастап, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті қашықтықтан оқыту режиміне көшті.

Шетелдік тыңдаушыларға және студенттерге «Zoom» платформасында мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде онлайн-дәрістер өткізілуде. Сонымен қатар, сабақтарды өткізу үшін UNIVER ақпараттық-бағдарламалық кешені қолданылып жатыр.

Факультет басқаруымен, төтенше жағдай кезінде, оқу үрдісін ойдағыдай іске асыру мақсатында кафедра оқытушыларымен әлеуметтік желі арқылы тілдесіп, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Тыңдаушыларымыздың қалауы бойынша Zoom бағдарламасымен қатар WһatsApp, Skype және WeChat Zoom жүйесіндегі бағдарламаларды интернет желісінде қолданып, чат тобын құрып, сабақ жүйелі түрде өткізілуде. Тыңдаушыларымыз өз бойына терең жауапкершілікті алып, тапсырмаларды тыңғылықты орындауға тырысады. Онлайн сабақтың қиыншылығы Zoom арқылы конференция сабақтар жүргізгенде интернет желісінің дұрыс ұстамауы, тыңдаушылардың қайта-қайта желіден үзіліп кетуі кедергі келтіреді.

Соған қарамастан, сабақ беруде заманауи технологиялар мүмкіндігінің арқасында білімдерін жетілуде.

Ұстаздар бекітілген оқу кестесіне сай сабақтарын уақытында өткізіп, кураторлар өз топтарымен интернет желісі арқылы хабарласып отыр.

Халықтың басына түскен қиындықты бірлесе көтеріп, жеңіске жетерімізге сенімдіміз. Біз біргеміз!