Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Бiлiм жүйесiнде жақсы дәстүрлер жасау» және «Өз қызметiнiң үздік презентациясы» халықаралық дипломдарымен марапатталды

21 ақпан, 2011

14-19 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҚР Білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен өткен «XXI ғасырдың білім және ғылымы-2011» VIII Халықаралық көрмеге қатысты.

Көрменің мақсаты бiлiм сатысының барлық деңгейінде жетістікке жету, мазмұнды табыстарды дамыту, заманау технологияларды үйрету, жаңа оқу бағдарламалары мен кейінгі ұрпақтың оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң демонстрациясы, өз бiлiмдерiн тәжірибелік қолдануда жаңадан көрiнген мамандарға көмек көрсету.

«XXI ғасырдың білім және ғылымы-2011» көрмесінің жұмысында Қазақстан, Ресей, Қытай, Үндістан, Латвия, Германия, Түркия, Чехия, Швейцария, АҚШ, Ұлыбритания елдерінің білім және ғылым мекемелерінің 100-ден астам ірі ұйымы қатысты.

Қазақ ұлттық университеті халықаралық көрмеде жоғары деңгейде көрсетіліп, «Бiлiм жүйесiнде жақсы дәстүрлердi жасау» және «Өз қызметiнiң үздік презентациясы» атты аталымдар бойынша халықаралық дипломдармен марапатталды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі