Бүгінде біз Қазақстандағы орын алып отырған төтенше жағдай кезінде 2019-nCoV короновирустық жұқпамен күресіп жатқан алдыңғы шепте еңбек етіп жүрген, факультетіміздегі білім алып жатқан магистранттарымыз жөнінде сөз етпекпіз.
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 2жылдық ғылыми- педагогикалық бағытында оқитын магистрантымыз
Қожаханов Серік Алматы қаласындағы Түркісіб ауданының «Тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Басқармасының» эпидемиологиялық бөлімшесінде жетекші маман болып қызмет атқарады. Ол Алматы қаласына апаратын жолдардағы тосқауыл бекеттерінде жұмыс істейді. Карантин нысандарында корановирусқа күмәнді тұлғаларды тасымалдауға қатысады. Осыған дейін Серік екі ай бойы Алматы қаласының халыөаралық әуежайында санитарлық карантинді бақылау бойынша қызметте халықаралық тасымалдауда ұшып келген азаматтарды күтіп алып отырды.
Қасабекова Лена- Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша 2 жылдық ғылыми-педагогикалық бағытында білім алады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі, Алматы қаласының Санитарлық эпидемиологиялық сараптау және бақылау тәжірибелік орталығында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Талғар-Алматы тас жолында орналасқан №13 тосқауыл постында карантин уақытынан бері тұрады. Жүріп өткен тұлғалардың дене қызуын тексеріп, сауалнама жүргізіп отырады. Осы вируспен күресуде тұрғындар денсаулығын сақтау бойынша жүзеге асырылып отырған жұмыстарда белсенді еңбек етуде.
Қадыр Ақерке- Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша 2 жылдық ғылыми-педагогикалық бағытында оқиды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі, Алматы қаласының Акционерлік қоғам «Сараптау және Сертификаттау» Ұлттық орталығында жұмыс істейді. Ақерке зерттелініп отырған материалдардағы корановирустық инфекциялардың болуына зертханалық зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады. Сонымен бірге, залалданған ошақтар мен анықталған жағдайлар бойынша есеп даярлайды.
Ажигалиева Гүлшат- Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша магистрант. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі,Атырау облысы бойынша «Тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының» аудандық басқарма бөлімінде қызмет атқарады. Гүлшат эпидемиологиялық анықталған ошақтарды, қолайсыз мемлекеттен ұшып келген азаматтарға эпидемиологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен бірге карантиндік стационарға эпидемиологиялық тексеру және бақылау жұмыстарын жүргізеді.
Исембаева Әсима – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының магистранты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі, Алматы қаласының Жетісу аудандық «Тауарлардың сапасын басқару және бақылау Басқармасынының» жетекшісі. Төтенше жағдай кезінде тосқаулық бекеттері мен карантин аумақтарында қызмет жасап жүр.
Оралбаев Нурлан Астана қаласының әкімшілігі «№1 қалалық көп профильді ауруханасының» клиникалық-диагностикалық зертханасында жұимыс істейді.
Біз факультетімізде білім мен еңбекті қызметті қатар алып жүрген, қазіргі елімізде, Қазақстан республикасында орын алып отырған 2019-nCoV төтенше жағдай кезінде алдыңғы қатарда аянбай еңбек етіп жүрген магистрант-жастарымызбен мақтанамыз және оларға сәттілік тілеп сенім білдіреміз!
Баға жетпес еңбектеріңізге алғыс білдіреміз!
Біз Республикамыздың барлық тұрғындарына вирусқа қарсы шараларды қатаң сақтауға шақырамыз!
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!