- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ғылым және жоғары білім: жаһандық эпидемиологиялық дағдарыс сынына жауап іздеуде
Ғылым және жоғары білім: жаһандық эпидемиологиялық дағдарыс сынына жауап іздеуде
Конференция ауқымды эпидемиологиялық дағдарыс жағдайында ЕАЭО мемлекеттері тап болған көптеген сын-қатерлерге барабар жауап іздеуге арналды.
Конференция қатысушыларына ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, физика-математика ғылымдарының докторы, академик Б. Т. Жұмағұлов кіріспе сөз сөйледі.
Өз сөзінде ол осы қиын күндері пандемияны "біз бірге кезде – біз жеңілмейміз" деген үндеудің негізгі ережелерін сипаттай отырып, ортақ қасіретті жеңуіміз керек " деп атап өтті.
Конференцияға ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының Вице-президенті, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰИА академигі Н. М. Темірбеков (Алматы қ.); әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедра меңгерушісі, "Кахак" корей ғылыми-техникалық қоғамының президенті, химия ғылымдарының докторы, ҚР ҰИА академигі Мун Г. А. (Алматы қ.) www.kaznu.kz; тарих ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының кандидаты, Еуразия халықтары Ассамблеясының халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің басшысы Н. М. Беленко (Мәскеу қ.); химия ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, ҚР ҰИА академигі Сүлейменов И. Э. (Алматы қ.); философия ғылымдарының докторы, В. И. Вернадский атындағы КФУ-дің философия және саясаттану факультетінің деканы профессор О. А. Габриелян (Симферополь қ.); психология ғылымдарының кандидаты, Севастополь мемлекеттік университетінің доценті М. В. Косцова (Севастополь қ.) қатысты.