Орталық Мұражайға саяхат

26 сәуір, 2020

16.11.2019 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жоғары оқу орнына дейінгі білім факультетінде білім алып жатқан шетелден келген қазақ балалары Алматы қаласында орналасқан негізін сонау 1925 жылы қаланған 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйымдары бар орталық мұражайды тамашалады. Бұл саяхат «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тыңдаушыларды, мұражайдағы құнды деректік жәдігерлермен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Ұйымдастырған факультет оқытушысы Сандықбаева Өріккүл. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде білім алатын тыңдаушылар жыл сайын қаламыздың көрікті жерлерін, мәдени орындарын тамашалап өздерін рухани азықтандырады. Солардың ішінде орталық мұражайдың орны ерекше. Мұражайда адамзаттың қалыптасуынан бастап қазіргі тәуелсіз Қазақстанның өмірінен сыр шертетін жәдігерлер қойылған. Біздің тыңдаушыларды орталық мұражайда ең қызықтырғаны өздері жақында ғана Қазақстан тарихынан өткен тақырыптарға қатысты тас, қола, темір, түрік дәуірінің ескерткіштері болды.