- Басты бет
- Жаңалықтар
- ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті талапкерлер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасының Қазақстан бойынша Өкілдігімен (БҰҰ БЖКБ) бірлесіп, бакалавриат, магистратура немесе докторантура бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсын жариялайды.
Университет туралы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны. Университет QS «World University Rankings 2019/20» халықаралық рейтингісінде 207-ші орынды бағындырып, БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабы мәртебесіне ие.
Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтары бар, сондай-ақ технопарк қызмет атқарады; 3000-нан астам профессор, доктор, ғылым кандидаты мен философия докторлары еңбек етеді. Университетте кәсіби білім беру көпсатылы жүйесі бойынша 25 мыңнан астам білімгер мен магистрант білім алуда, оның ішінде 2000-нан астамы әлемнің барлық аймақтарының 50 елінен келген халықаралық студенттері. Университетте әлемнің үздік жоғарғы оқу орындарымен 100-ден астам қосарланған диплом бағдарламалары жүзеге асырылуда. Толық ақпарат университеттің ресми сайтында қолжетімді: https://www.kaznu.kz/ru/.
Білім беру гранты бойынша
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2 талапкерге оқытудың барлық кезеңіне қарастырылған білім беру грантын алуға мүмкіндік береді. Оқыту процесі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Білім беру гранты ай сайынғы стипендияны қарастырмайды. Бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша мамандықтарды таңдау шектелмеген, факультеттер мен қолжетімді білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат https://www.kaznu.kz/ru/162/page университеттің ресми сайтында орналастырылған.
Конкурс қалай өтетін болады
Конкурсқа Қазақстан Республикасындағы ресми босқын мәртебесі бар және байқау өткізу кезеңіне 16-29 жас аралығындағы:
- 2020 жылы толық орта білім беру бағдарламасын аяқтаған және толық орта білімі бар (11 сынып);
- 2020 жылы орта кәсіптік білім беру бағдарламасын аяқтаған және орта кәсіптік білімі бар (колледж, техникум);
- магистратураға түсу үшін 2020 жылы толық жоғары білім беру бағдарламасын аяқталған және жоғары білімі бар (бакалавриат);
- докторантураға түсу үшін 2020 жылы магистратураны бітірген және магистр дәрежесі бар үміткерлер қатыса алады.
Конкурс екі кезеңнен тұрады:
1 кезең - «Неліктен мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқығым келеді және университетте алған білім менің өмірімді қалай өзгертеді» деген тақырыпқа эссе жазу.
Эссе жазу тілі: қазақ, орыс, ағылшын. Эссе құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.
Эссе көлемі 1000-1500 сөз, Times New Roman, 14.
Жұмыстарды үміткердің өзі жазуы керек және барлығы плагиатқа тексеріледі!
1 кезеңді өткізу мерзімі: 2020 жылғы 1 мамырдан 1 маусымға дейін. 2020 жылдың 1 маусымынан кейін жіберілген жұмыстар Конкурсқа қатыстырылмайды;
2 кезең - Қабылдау комиссиясы[1] жүргізетін сұхбаттасу.
2 кезеңді өткізу мерзімі: 2020 жылдың 15 маусымнан 30 маусымға дейін.
Іріктеу өлшемдері
ü Оқу үлгерімі, мектептегі, спорттағы және қоғамдық жұмыстардағы жетістіктер;
ü Эссе рейтингісі;
ü Сұхбат нәтижелері.
Конкурсқа қатысу үшін
1. http://foreign.kaznu.kz/ru/main/reg жүйесіне тіркеліп, «Online Registration» бөліміндегі онлайн сауалнамаға рұқсат алып, сауалнаманы толтырып, мамандықты таңдаңыз.
2. kazas@unhcr.org электронды поштасына 2020 жылғы 1 маусым сағат 23:59-ға дейінгі мерзімде (Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша) «Байқауға қатысу» хатымен эссені, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, дипломның/аттестаттың көшірмесін (бар болған жағдайда), диплом/аттестат транскриптісінің көшірмесін (бар болған жағдайда), басқа да грамота/сертификаттарын (бар болған жағдайда) және жеке байланыс мәліметтеріңізді жіберіңіз.
3. Егер Сіз 1-кезеңді сәтті аяқтасаңыз, Сіз 2-кезеңге, яғни Алматы қаласында Қабылдау комиссиясымен өткізілетін сұхбатқа (сұхбатты онлайн түрде өткізу мүмкіндігі қарастырылған) шақырылатын боласыз. Үміткердің өтініші бойынша сұхбаттасу қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде өткізіледі.
4. Конкурс нәтижелері 2020 жылдың 27 тамызынан кешіктірмей жарияланады. Конкурстың 2-кезеңінен сәтті өткен және Конкурстың жеңімпазы деп танылған үміткерлерге олардың көрсеткен байланыс деректеріне ақпарат жіберіледі.
Құрметті талапкер! Конкурсқа қатысып, беделді мамандық алуға ерекше мүмкіндікті жеңіп ал. Біз сізді күтеміз!
[1] Қабылдау комиссиясының құрамы жабық және жария етілмейді. Комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және дауалауға жатпайды .