- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әлемдік білім беру нарығында мемлекеттің және оның университеттерінің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі шет ел студенттерінің саны
Әлемдік білім беру нарығында мемлекеттің және оның университеттерінің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі шет ел студенттерінің саны
Әлемдік білім беру нарығында мемлекеттің және оның университеттерінің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі шет ел студенттерінің саны болып табылады. Осыған байланысты, әлемдік нарықта Қазақстан Әлемдік банк және ауған Ислам республикасының жоғарғы білім беру министрлігі бағдарламасы бойынша әл Фараби атындағы ҚазҰУ медициналық жоғарғы оқу орындарының оқытушы дәрігерлерінің орасан зор көлемдегі тобы келді. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ нің медицина және денсаулық сақтау факультеті "медицина" мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының кешенді тәсілін даярлады. Бұл бағдарлама ҚР алдыңғы қатардағы әлемдік және қазақстандық тәжірибені жүргізуге негізделген, сонымен бірге білім беру қызметі аумағында ҚР жетекші жоғарғы оқу орындары мен шет елдік білім беру орындарының тәжірибесі мен ұлттық саясаттары ескерілген.
Оқыту үрдісіне жетекші орындағы оқытушылар мен факультет мамандары жұмылдырылған, олардың барлығының тәжірибесі бар, тәжірибелі мамандар мен қызметкерлер болып табылады. Әрине, оқытумен қатар, Алматы қаламыздың көрікті жерлеріне куратор-эдвайзерлермен бірге барып тамашалады. Осындай тиімді атқарылған жұмыстардың барлығы білім ордасының ішінде ғана емес одан тыс жерлерде де қарқынды жүргізілуде.
Осы мақсатты жүзеге асыруда мынадай міндеттер шешімін табуда:
-Білім беру бағдарламаларын одан әрі қарай халықаралық деңгейде жетілдіру;
-Орталық Азия аумағында білім және ғылым үрдісінде университетіміздің мойындалған субьект ретінде болуы.
- Университет оқытушыларының, магистранттары мен студенттерінің тілдік біліктілігін жоғарылату;
- шет ел студенттеріне, магистранттарына және оқытушыларына қонақжай мен жайлылық атмосферасын тудыру тәрізді міндеттер ұзақ уақыттық іскерліктің тек бастамасы ғана болмақ!