Хабарландыру!

4 мамыр, 2020

«Қазақстандағы ЮНЕСКО журналистикасының халықаралық стандарттары» жобасы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары- Л.С.Ахметова, А.В.Веревкин, Т.Ю. Лифанованың кітабы Алматыда «Қазақ университеті» баспасында басылып шықты. Кітапта ЮНЕСКО-ның Қазақстанда журналистикадағы халықаралық стандарттарының жүзеге асуы көрсетілген, тәжірибе, жетістіктер, проблемалар және перспективалар сипатталған. Басылым педагогтар, журналистер, баспасөз қызметі  жұмысшыларына, гуманитарлық мамандықтардың студенттері, магистранттар мен зерттеушілерге арналған.

Кітап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  AP05135021 грант жобасының «Қазақстандық медиа-білім берудің ұлттық үлгісін дамыту "Мәңгілік ел" қоғамдық сананы жаңғырту және басымдықтарды жүзеге асыру тұрғысында» шығарылған.