" COVID-19 Коронавирустық инфекция» халықаралық онлайн-конференция
Ақпараттық хат
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультеті биофизика және биомедицина кафедрасы " COVID-19 Коронавирустық инфекция" тақырыбында халықаралық конференция өткізеді.
Конференцияны өткізу күні: 5 мамыр 2020 жыл сағат 16:00 (Алматы уақыты бойынша, UTC +06: 00) online форматында (Microsoft Teams платформасы).
Конференцияның модераторы: биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор С.Т.Тулеуханов
Конференцияға қатысуға оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, барлық клиникалық және зертханалық медицина мамандары, клиникалық-диагностикалық және микробиологиялық зертханалардың қызметкерлері, денсаулық сақтау ұйымдастырушылары мен докторанттар шақырылады.
Конференцияда келесі сұрақтар талқыланады:
- COVID-19 жұқпасының этиологиясы және патогенезі.
- COVID-19 коронавирустық инфекцияның клиникалық ерекшеліктері.
- Қазақстан мен әлемде коронавируспен күрес тәжірибесін жинақтау.
- Дәрігерлер мен олардың жақындарын COVID-19-дан қорғау.
Кіру сілтемесі: Присоединиться к собранию Microsoft Teams
Дополнительные сведения о Teams | Параметры собрания