Zoom платформасында «Көптілділік қазіргі білім беру басымдықтарының бірі: жағдайы, болашағы» атты халықаралық ғылыми онлайн семинар өтті.

4 мамыр, 2020

09.04.2020 сағат 17.00-де Zoom пплатформасында «Көптілділік қазіргі білім беру басымдықтарының бірі: жағдайы, болашағы» атты халықаралық ғылыми онлайн семинар өтті. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ұйымдастырған аталмыш  халықаралық семинарында Джамму (Үндістан), Баку (Әзірбайжан), Қазақстанның Алматы, Қаскелең және Түркістан қалаларының оқытушы профессорлары қазіргі оқу үдерісіндегі көптілділік мәселелерін талқылады. Аталмыш семинардың спикерлері қатарында «ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа» кафедрасының оқытушылары А.К.Тусупова мен З.С. Оразбекованың да баяндамалары тыңдалды.